USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда жарылған жылу құбыры қашан қалпына келтіріледі

2021 жылғы 7 желтоқсан 16:21
Бөлісіңіз:
Алматыда жарылған жылу құбыры қашан қалпына келтіріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жылу құбыры жарылған Рысқұлов көшесінде қалпына келтіру жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токиода ер адам үйіне келген 3 медқызметкерді атып, біреуін мерт қылды Өскеменде трактор мен автобус соқтығысты Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк жасаған жігітті іздеп жатыр

Апат болған жерде «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің бригадасы жұмыс істеуде.

Компания мәліметінше, апат болған аумақта ыстық су желіден ажыратылды. Ақауды кешкі сағат 22:00-ге дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Қала тұрғындары жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салып жатыр.

Видеожазбадан Рысқұлов көшесінің батыс бағытқа қарай жабылғанын көруге болады.

Еске салайық, бүгін 7 желтоқсан күні Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT