Алматыда жарылған су құбыры жөнделді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жарылған су құбырларын жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұл туралы "Бастау" МКК баспасөз қызметінің маманы Серік Шағыров айтты. Оқиға кеше кешкі 18.30-да Гоголь және Панфилов, Жібек жолы мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орын алған.

"Магистраль құбырларының жарылғандығы туралы хабарлама бізге 11 наурыз күні сағат 18:40-та келіп түсті. Апат салдарын жою үшін оқиға орнына 2 жөндеу тобы аттанды. Түнгі сағат 22.45-те құбыр толығымен қалпына келтірілді. Жұмыс жүргізіліп жатқан кезде де тұрғындарға суық су беру тоқтатылған жоқ ", - деді С.Шағыров.

Соңғы жаңалықтар