Алматыда жарық өшіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бірқатар аудандары жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматының Наурызбай, Алмалы, Алатау, Әуезов аудандарының тұрғындары электр энергиясының берілуі тоқтағанын жазды.

Қалалық әкімдік оқыс жағдайдың себептерін анықтап жатыр.

Қазір көшелерде бағдаршамдар істен шығып, бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Тіпті Алматы облысының кейбір аудандарында, Талғар қаласында да жарық жоқ.

Соңғы жаңалықтар