Алматыда жарық құралын заңсыз орнатқан 10 жүргізуші жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері көлігіне страбоскоп қойып алып жүрген жүргізушілерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД өкілдерінің айтуынша, жарық-дабыл құралдары басқа жүргізушілерге кедергі туғызады.

«Көбінесе страбоскоптарды көлікті жаңадан айдап жүрген жастар орнатады. Ал, бұл құралдар негізінде тек арнайы қызмет өкілдерінің көлігінде болуы керек. Өздігінен орнатып алуға тыйым салынған», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, жүргізушілер арасында жалған номерлік белгімен жүретіндер де баршылық.

«Страбоскопты көлікке орнату ҚР ӘқбК 603-бабымен реттеледі. Бұл бапқа сәйкес жүргізушіден жарық-дабыл құралы тәркіленіп алынады. Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 2000 АЕК мөлшерінде  айыппұл салынады», - деді полковник Ж.Мұраталиев.

Айта кету керек, заң бұзған жүргізушілер 36 075 теңгеден бастап 4 млн 810 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар