Алматыда жарқыраған шыршалар жаңа жылды жақындата түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Оңтүстік астана жаңа жыл мерекесінің атмосферасына «сүңгіп», бүгін салтанатты түрде шаһардағы басты шыршалар жағылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Алматының негізгі шыршасы сағат 18.00-де Республика Сарайының алдындағы алаңда жарқырады. Биылғы жылғы шыршаның биіктігі 18 метрге жетеді. Дәл осы жерде тұтастай қысқы қалашық салынған.

Алматы қаласының мәдениет және мұрағат басқармасынан хабарлағандай, 17-ші желтоқсаннан 7-ші қаңтарға дейін осында күн сайын (31 желтоқсанды есептемегенде) «Әлемге саяхат» (WINTER FAMILY PARTY) шарасы өткізіледі.

Демалыс күндері (18, 22, 23, 29, 30 желтоқсанда және 1, 2, 5, 6, 7 қаңтарда) сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін балаларға арналған анимациялық бағдарламалар, жаңа жылдық қолөнер туындыларын жасау курстары өткізіледі. Содан кейін сағат 18:00-ден 18:45-ке дейін жаңа жылдық ертегі айту шарасы жоспарланса, сағат 18:45-ден 19:30-ға дейін - Аяз ата және Ақшақармен фотосессия ұйымдастырылады.

Сағат 19:30-дан 20:00-ге дейін мерекелік концерттер өтіп, содан кейін жаңа жылдық би кеші басталады.

Жұмыс күндері (24, 25, 26, 27 желтоқсанда және 3, 4 қаңтарда) сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін балалар үшін анимациялық бағдарлама, сағат 18:00 - 20:00 аралығында жаңа жылдық би кеші ұйымдастырылады.

Сонымен бірге, Астанадағы ескі алаңда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент саябағының алаңында және Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдында және «Алматы арена» мұзайдынында тағы төрт шырша жарқырады.

Жаңа жылдық шыршаларды жағу шарасы жарқын сипатта өтіп, шараға «X-FACTOR Қазақстан» жобасының жеңімпаздары, Аяз Ата мен Ақшақар қатысты. Сонымен бірге, меймандардың көңілін Мұрат Мұтұрғановтың театры цирк шоу-бағдарламасы көтерді.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласында халықтың өқшеметіне бөленген орындардың бірі - ескі алаң болды. Мұнда ерекше шырша орнатылған. Ұлттық стильдегі 12 метрлік шыршаның тұрқы бөлек. Шыршаның қаңқасы темірден жасалса, оның негізін құраған кереге шыршаға ерекше сипат беріп тұр.

Соңғы жаңалықтар