Алматыда жапппай тәртіпсіздіктер кезінде зақымдалған пәтерлер жөнделуде
2022 жылғы 25 қаңтар 00:08

Алматыда жапппай тәртіпсіздіктер кезінде зақымдалған пәтерлер жөнделуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда апта соңына дейін тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген барлық пәтерлер қалпына келтіріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баспанасы зақымданған 57 пәтер иесінен өтініш түсті. Олар негізінен Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан. Алмалы ауданында үш үйден алты пәтер зақымданған (Қабанбай батыр 111, Масанчи 44, Мәуленова 111). Алматының Медеу ауданында 51 пәтердің терезелері зардап шекті, олар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан: Назарбаев, 220/3, 176, 244, «Самал-1», « Самал-2» шағын аудандары, Достық даңғылы, 89 және Бәйішев көшесі, 16. Бүгінгі күні 31 пәтердің терезелері ауыстырылды, осы аптада қалпына келтіреміз. Ешқандай ауқымды шығын жоқ, негізінен терезе әйнектері сынған. Кейбір кейбір пәтерлердің қабырғаларына оқ тиген», - деді Мұхит Әзірбаев.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 291 ғимарат, оның ішінде 62 әкімшілік ғимарат зардап шекті.

Бұған дейін әкім орынбасары мегаполисте ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтқан болатын.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT