10:52, 12 Қараша 2019 | GMT +6
Алматыда жаппай төбелесті бастаған бірінші курс студенттері ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаппай төбелесті бастаған екі студент жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының хабарлауынша, төбелесті университеттің 1-курс студенттері бастаған.
«1 курста оқып жүрген екі студент сөзбен ерегесіп қалған. Бұл құқықбұзушылық бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлімімен бұзақылық бабымен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Алматы полиция департаменті жүргізіп жатыр», - деді қалалық ПД Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
Айта кету керек, оқиға қарашаның басында Желтоқсан көшесінің бойындағы кафе-барда болған.
Төбелестің видеосы Instagram желісінде жарияланды.