+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматыда жаппай төбелес болды

2021 жылғы 15 шілде 16:21
Бөлісіңіз:
Алматыда жаппай төбелес болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаппай төбелес болды. Қалалық полиция департаменті төбелеске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар колледж модернизациядан өтті Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Алматы зообағында зебра құлындады

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Нико» тұрғын үй кешенінде хостел орналасқан. Онда үйсіз адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады. Күнде жанжал, балаларды сыртқа шығаруға қорқамыз. Полицияға қоңырау шалсақ та, ешқандай әрекет, нәтиже жоқ. Оларды 15 минутқа қамап, босатып жібереді. Бұл мәселені шешуге көмектессеңіздер», - деп жазды желі қолданушы.

Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

«14 шілдеде Алматы тұрғыны Г. Ж Жақсылықова Алматы қаласының Әуезов аудандық полиция басқармасына жүгінген. Ол Ақсай-1А ықшамауданы 17 үй мекенжайы бойынша жертөледе орналасқан «My club» хостелінің қонақтарына қатысты шара қабылдауды сұрады. Сондай-ақ, Жақсылықова әлеуметтік желілерде төбелестің видеосын жариялады», - деді Алматы қаласы ПД Әуезов аудандық полиция басөармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Оның айтуынша, аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT