Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысып, дүкен тонаған күдікті ұсталды
2022 жылғы 26 қаңтар 16:49

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысып, дүкен тонаған күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрмыстық техника дүкеніне шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Одан ұрланған заттар тәркіленді. Ол негізінен тұрмыстық техника.

Полиция мәліметі бойынша, күдікті Райымбек даңғылы бойында орналасқан тұрмыстық техника дүкенін тонауға және жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. Белгілі болғандай, қасқөй ұрланған заттарды тұрғылықты жерінде жасырып, кейіннен сатуды жоспарлаған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамға қатысты сот қамауға алу түріндегі санкцияны таңдады, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.


Jańalyqtar

MURAǴAT