Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде судья қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Мұрат Абраев қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қалалық сотының басшылығы, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі, Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абраев Мұрат Советұлының қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болуына байланысты, отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген Алматы қалалық сотының Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Алматыда лаңкестердің қолынан үш полиция қызметкері қаза тапты.

Лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына жасалған қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде барлығы Алматы полициясының 3 қызметкері қаза тапты, тағы 176 сақшы жарақат алды, оның 8-інің жағдайы ауыр.


Соңғы жаңалықтар