Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қалалық спорт басқармасының басшысы жарақаттанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов атыс қаруынан жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт басқармасының басшысына қалалық әкімдіктің кортежінде бара жатқанда оқ тиген.

«Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ»,- деп мәлімдеді қалалық спорт басқармасында.

Еске салсақ, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке оқ атылған болатын. Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады. Оқиға 6 қаңтар күні болған. Қазір Бақытжан Сағынтаев аман-есен, өз өз қызметін атқаруда.

Қалада терроризмге қарсы шаралар жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар