Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде бейбіт тұрғындардың 37 пәтері бүлінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде орталыққа жақын орналасқан 37 пәтерді бұзақылар бүлдіріп кеткен. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен шұғыл штаб отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінге дейін 37 пәтерге тексеріс жүргізілді. Қазір мамандар қанша шығын келгенін есептеп жатыр. Бұған бірнеше күн қажет. Біз ол туралы ПИК пен тұрғындарға хабарлаймыз, өйткені алдағы екі күнде тергеу амалдары жүргізіледі», - деді қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Бұған дейін Алматы әкімдігі ғимаратына келген шығын туралы жазған болатынбыз.

Алдын ала есеп бойынша, шығын көлемі - 112,6 млрд теңге. Оның 67 млрд теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі.

Алматыдағы бүліктен кейін 240 нысан зардап шекті. Басым бөлігі есік- терезесін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар.


Соңғы жаңалықтар