АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаменті бүлінген көлік тұрағында қанша көлік тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 165 қызметтік көлік зақымданған, оның 53-і өртенген.
Зақымдалған көліктердің ішінде 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.
Жаппай тәртіпсіздік пен қарулы шабуылдан келген залалдың алдын ала қорытындысы бойынша:
– 5 фронт-офис өртенді:
- Алмалы аудандық полиция басқармасы мен полиция департаментінің ғимараттары зақымданды;
- 19 модульдік және 13 экологиялық бекет зақымданды және өртенді.