Алматыда жаппай ереуіл кезінде 28 автобусқа зақым келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бгүкіл автобус, троллейбус бағыттары жұмыс істеп тұр, барлық бағдаршамдар қалпына келтірілді. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде барлық 151 бағыт және 1600 бірлік жылжымалы құрам, оның ішінде троллейбус және қала маңындағы бағыттар іске қосылды. Қалалық маршруттардың жұмыс тәртібі 8.00-ден 21.00-ге дейін, қала маңындағы маршруттарда 9.00-ден 21.00-ге дейін. Сонымен қатар, метро жұмысы қайта жанданды. Жұмыс уақыты - 7.00-ден 21.00-ге дейін»,- деді спикер.

Ғани Мырзахановтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде 28 автобус зақымдалған.

Оның 16-сы толық қалпына келтірілді, қалған 12 автобус қаңтар айының соңына дейін қалыпты жұмыс режиміне көшеді.

Сондай-ақ, әуежай мен теміржол вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

15 қаңтардан бастап қалааралық тасымалдар жартылай жаңартылды (Талдықорған, Тараз, Шымкент қалалары).


Соңғы жаңалықтар