Алматыда «Жапон бағы» пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көктемде «Жапон бағы» отырғызылады. Тақырыптық композиция Қазақстан Республикасы Президентінің саябағы аймағында жасалады.

Қаланы көріктендіру бағдарламасы аясындағы жаңа жобаны қалалық Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жүзеге асырмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жапон бағы» қаланың бетке ұстар нысанына айналады.

Өткен жылы қала қонақтары мен тұрғындары қазақ ауылын тамашалап еді. Биылғы тақырыптық композиция осы бастаманың дәстүрлі жалғасы болмақ.

«Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 16 қырым қарағайы, 12 шие ағашы, 20 тау қарағайы, бірнеше жапон үйеңкісін, ниппон спериясын, батпақ айылқиығы, қырықұлақ пен таушымылдық отырғызу жоспарланып отыр», деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар