Алматыда жануарлардың өлімінен соң зообақ қызметкерлері жұмыстан қуылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағында соңғы 2 айда 6 жануар қырылып қалғандықтан қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ветеринарлық комиссия Алматы зообағының бұйрығымен арыстан абдандары Гера, Асоль, керіктер Грация мен Алманың, бұлан Рокки мен жолбарыстың ұрғашысы Раданың неден өлгенін анықтады.

«Гера мен Ассоль зообаққа қолдан алынды. Олар панлейкопения - мысықтұқымдастардың обасы дертінен көз жұмды. Грация қос бүйрегінің инфарктінен көз жұмды. Мұның алдында қойылған «тромб үзілген» деген диагноз расталмады. 7 жасар Рокки өзі келгенде әлсіз болатын. Ол паразиттерге қарсы профилактикалық шаралардан соң тұра алмады. Қырылған жануарлардың барлығының иммунитетінде әлсіздік болған. Комиссияның қорытындысы бойынша жануарлар біреудің қастандығынан немесе ветеринарлардың біліктілігінің төмендігінен өлген деп кесіп айту қиын», – деді комиссия төрағасы, БҰҰ даму бағдарламасының биоалуандық бойынша сарапшысы, зоолог Константин Плахов.


Маманның айтуынша, зообақтың ветеринарлық қызметінде бірқатар заңбұзушылық болған.

«Біріншіден, барлық жануар қолдан алынған. Денсаулығында, иммунитетінде кінәрат болған. Ветеринарлар оларды қабылдап алған күні-ақ денсаулығын тексеріп, клиникалық тексеру жүргізбеген. Материалдарды диагностикаға жібермеген. Мал дәрігерлері жануарлардың алғашқы симптомынан кейін бірден тексеруге алмаған. Мысалы, Ассольді емдегенде талдау нәтижелері қаперге алынбаған. Оған фуросемид препараты салынған. Бұл оған кері әсерін тигізді. Дәрілердің дозалануы жануарлардың салмағына сәйкес берілмеген. Емдеу де үнемі диагнозға сай жүргізілмеген. Комиссия қорытындысы бойынша ветеринарлық бөлім басшысының міндетін атқарушы Азамат Дүйсеновтің, директордың зооветеринарлық бөлім бойынша орынбасары Айбол Күдериннің өз қызметіне сай әрекет етпегені анықталды. Бұл қызметкерлерді әкімшілік жазаға тарту ұсынылды», - деді Константин Плахов.

Өз кезегінде зообақ басшысы Вячеслав Банщиков Айбол Күдериннің жұмыстан кеткенін хабарлады. Ал Азамат Дүйсенов қызметінен шеттетілді.

«Күзет агенттінің бір қызметкері, секцияның бір қызметкері жұмыстан қуылды. Бізге жақсы мамандар керек. 5 адамның қызметі төмендетілді. Кейбіреулер қызметінен кетті», - деді Вячеслав Банщиков.


«Ұрғашы жолбарыс Рада тым қартайып қалғандықтан, эвтаназия жасалды. Ал керіктің төлі Алма жұқпадан өлді. Бұл аурудан әзірге Қазақстанда емі жоқ. Инфекция сырттан әкелінген жемшөптен жұғуы мүмкін», - деді комиссия қорытындысы.


Соңғы жаңалықтар