Алматыда жантүршігерлік жол апатынан жолаушылар аман қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қатты соққыдан талқаны шыққан көліктің үш жолаушысы періштесі қағып аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əл-Фараби даңғылымен шығысқа бағыт алған BMW Шашкин көшесінен аса бере жолдан шығып кетіп жарнама тақтасына, одан əрі бағанға соғылған.

Куəгерлердің айтуынша, жүргізуші рөлден айрылып қалған. Жол апатынан көлік жарамсыз болып қалды.

BMW-да отырған үш адам да періштесі қағып, дін аман қалды.  Тек бір жолаушыны жедел жəрдем тексеріп, үйіне жіберді.

Соңғы жаңалықтар