Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасаған жігіт 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасаған 20 жастағы С.Сұлтановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 жастағы жүргізуші С.Сұлтановқа қатысты ҚР ӘқбК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған болатын.

Іс материалдарына сәйкес, жас жігіт көлікті мас күйінде айдағаны анықталды.

Сұлтанов сотқа келмеген. Тіпті келмеу себебін де түсіндірмеген. Сондықтан ҚР ӘК 744-бабының 2-бөліміне сәйкес сот оның қатысуынсыз өтті.

Судья С. Сұлтановты айыпты деп тауып, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы қаулы шығарды.

Бұдан бұрын аса ауыр қылмыстық істің жабылып қалғаны хабарланған еді.

Кейін ҚР ІІМ жол апатын тексеруді қайта қолға алды.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов dialog.egov.kz электронды үкімет сайтындағы блогында жауап берді.

Министр аталған жол апаты бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім бұзылғанын хабарлады. Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық істі Алматы қалалық ІІД анықтау басқармасы қайта қарауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Айта кету керек, жол апаты 30 шілде күні түнгі 2 шамасында болған. 19 жастағы жігіт тізгіндеген Мерседес көлігі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай келе жатып, Сейфуллин көшесіне жетпей жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Соның салдарынан 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Алдыңғы әйнектің сынықтарынан марқұмның денесі екіге бөлініп, кеуде тұсы көліктің ішінде қалып қойған. Ал қол-аяғы жол үстінде шашылып қалды.

 Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен, 347-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

Соңғы жаңалықтар