Алматыда Жанна Асанова Сенат депутаты болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласынан таңдаушы ретінде тіркелген 37 маслихат депутаты таңдауларын жасады.

Аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, дауыс берудің алдын ала нәтижесіне сәйкес, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова ең көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 23 таңдаушы қолдады.

«Youthart» ҚҚ директоры Кристина Юрьевна Бекмурзаеваға 3, «Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК директорі Жаркын Лепесовна Жаниязоваға 2, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гульнара Ахметжановна Көкебаеваға 8 адам дауыс берді.

Еске салсақ, бүгін Алматыда таңдаушылардың бірлескен отырысына 37 депутат қатысып, дауыс берді.

Сондай-ақ Алматыда Сенат депутатын сайлауға 4 әйел кандидат түсетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар