Алматыда жәндіктерді улайтын «Палач» дәрісін сатуға тыйым салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда анасы мен баласы уланып көз жұмған «Палач» дәрісін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Алматы қаласындағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жәндіктерді улайтын «Палач» және «Фас-дубльді» сатуға тыйым салу жөнінде шешім қабылдадық. Себебі дәл осы заттардан бір отбасы уланып қалды. Арнайы шешім қабылданды, енді оның орындалуын қамтамасыз ету үшін және сатылымнан алып тастау үшін шешімді біз барлық ұйымдарға, органдарға жібереміз. Жәндіктерді улауға арналған «Палач» дәрісінің төрт түрі бар. Оның үшеуі тіркелмеген », - дейді Айзат Молдақасымова.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қандала дәрісінен уланып қалған анасы мен баласы ес жимастан ауруханада көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар