+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда жаңажылдық арт-көрмеде 300-ге жуық қолөнершілердің бұйымдары ұсынылды

2014 жылғы 18 желтоқсан 17:12
Бөлісіңіз:
Алматыда жаңажылдық арт-көрмеде 300-ге жуық қолөнершілердің бұйымдары ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Christmas Art Fair-2014» жаңажылдық арт-көрме ашылды. Мұнда Орта Азия мен алыс-жақын шетелдерден келген 300-ге жуық автор өздерінің қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Оңтүстік астана тұрғындары көрмеден жаңажылдық сыйлықтар мен бұйымдарды жаппай сатып алуда. Мұнда ағаш пен киізден жасалған, мақта-матадан жасалған қуыршақтар, түрлі кәдейсыйлар, шығармашылықпен жасалған гүлдер мен сыйлықтар қойылған.

«Қолөнер көрмесін ұйымдастыру идеясы 6 жыл бұрын басталды. Айлар бойы тер төгетін қолөнер шеберлері өз туындыларын лайықты сататын орын іздеп әлек болады. Сол үшін біз әйеліміз екеуіміз осы көрмені ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл тек сауда орны ғана емес, сондай-ақ тұтынушы мен авторды біріктіретін арт-кеңістік. Мұнда тігуден, тоқудан, киізбен жұмыс жасаудан, бисер тоқудан, қуыршақ жасаудан шеберлік сабақтары өтуде», - деді «Творческие сезоны» компаниясының директоры Алексей Боровиков.

Аталған көрме Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде желтоқсанның 18-21 аралығында өтуде.

Сондай-ақ көрме аясында «Папа Карло» атты авторлық қуыршақтардың халықаралық байқауы өтіп жатқанын атап өту керек.

2 3 4 5 6

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT