Алматыда Жанармай стансасының құдығына түскен 3 адам уланып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жанармай құю станциясының 3 қызметкері есептегіш құралдың мәліметтерін білу үшін құдыққа түсіп, уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ақпарат сонымен қатар Instagram желісінде де пайда болды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 27 сәуір күні сағат 18:37-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» нөмірлі пультіне Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесі 148/2 мекен-жайы бойынша жанармай құю станциясының аумағында орналасқан құдыққа есептегіш құралдағы мәліметтерді білу үшін жанармай станциясының 3 қызметкері түсіп, белгісіз газдан уланғанын хабарлады.

«Хабарды алысымен оқиға орнына қаланың шұғыл әрекет етуші қызмет өкілдері аттанды. Олар: «109 құтқару қызметі», Республикалық жедел құтқару жасағы, жедел медициналық қызметтің 3 бригадасы, Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен Полиция департаментінің өкілдері. Құтқару жұмыстарының барысында зардап шеккен 3 азаматты құдықтан алып шықты»,-делінген ТЖД мәліметінде.

Сондай-ақ мәліметте 3 адамның жақын арадағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілгені айтылған. Зардап шеккендерге қажетті барлық көмектер көрсетіліп жатыр. Жағдай шұғыл қызмет өкілдерінің бақылауында. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар