Алматыда жанармай қымбаттаса, жолақысы көтеріле ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық көлік пен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов жанармай бағасының қымбаттауынан жол ақысы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 3 автобус паркі газбен жұмыс жасайды. Троллейбус паркі бар. Жекеменшік автопарктер жанар-жағармай, дизель отынын пайдаланады. Қазір мемлекет жанармай бағасын реттемейді. Оны нарық өзі қалыптастырады. Әрине, оларға оңай емес. Бірақ сараланған тариф енгізілгеннен бері автопарктердің табысы екі есеге артты. Заңды ақша айналымы көрініп тұр қазір. Жүйенің ашықтығы бұрынғы көлеңкелі экономиканың көріністерін жоя бастады. Ақша жүргізушінің қалтасына емес, ортақ кассаға түсіп жатыр. Бұған жеке автопарктердің 254 жаңа автобус сатып алуға жасалған келісімшарты дәлел болады», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, дизель отыныны жағатын тасымалдаушылар өз күнін өзі көруі тиіс.

«2016 жылдың қыркүйегінен дизель отынын сатып алуға қаржы беруді тоқтаттық. Өйткені отын бағасын мемлекет реттемейді. Сонда да қазір дизельге тапшылық жоқ. Бағаны нарық реттейді. Алайда, жол жүру ақысы көтерілмейді», - деді М.Исахов.

Соңғы жаңалықтар