+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Алматыда жанармай құю стансысында төбелес болды

2020 жылғы 21 ақпан 12:06
Бөлісіңіз:
Алматыда жанармай құю стансысында төбелес болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жанармай құю стансысында маңындағы төбелесті тексеруге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов ауданында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Екі жүргізуші жанармай құю бекетінде колонкаға таласып жаға жыртысқан.

Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат болған.

Қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты ешкім арызданбағанын хабарлады.

«Әлеуметтік желідегі жазбаны тексеруге кірістік. Жүргізушілер жанармай құю бекетінде кезек бөлісе алмаған. Екеуі де бір-біріне зақым келтірмеген. Екеуінен де түсініктеме алынды. Бір-біріне айтар шағымы жоқ. Қолында пышақ тектес зат болған ер адамның ісіне құқықтық баға берілетін болады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Әлеуметтік желілерден алынған фото
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT