Алматыда жанармай қоры он күнге жетеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ірі желілік жанармай құю станциялары мен мұнай базаларында 11 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 5,5 мың тонна дизель отыны бар. Алдағы үш күн ішінде оған қосымша тағы 6,7 мың тонна жеткізілуі тиіс.

Бұл туралы Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, қаланың орташа тәуліктік қажетін ескергенде, қолда бар қор 10 күнге жетеді.

«Сондай-ақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан Алматыдағы желілерге 11,3 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның төлемі жасалды, енді 5-6 күн ішінде келуі тиіс», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі автобус парктері мен коммуналдық қызметтерді жанармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін жекелеген жанармай құю бекеттерінен дизель отынын шығаруға шектеу қойғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар