+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

2021 жылғы 27 ақпан 19:50
Бөлісіңіз:
Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық полицейлер қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында ауру жұқтыру көбейген Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің желіде тараған жаңа қаулысы - фейк

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, 26 ақпан күні таңғы сағат 04: 00-де Жетісу ауданында орналасқан жанармай бекетіне бетперде киген екі адам қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассир-операторды тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлығы Түркістан облысының тумасы. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Асхат Дәулетияров.

Айта кетейік, олар кассадан 135 мың теңге алып кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT