USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алматыда жанармай бекетінде төбелескендердің кім екені анықталды

2021 жылғы 19 қазан 14:12
Бөлісіңіз:
Алматыда жанармай бекетінде төбелескендердің кім екені анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Желіде Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде бір топ жастың төбелесінің видеосы пайда болды. Полиция осы оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жол инфрақұрылымына қанша шығын келтірілді Алматыда көше-жол желісінің 234  шақырымында асфальт жабыны жоқ Алматыда Pfizer вакцинасына 37 757 адам егілді

Желіге шыққан видео астындағы постта: «Каршеринг» машинасындағы жастар у-шу шығарды» деп жазылды. Посттың авторы кадр сыртында оқиғаның Сейфуллин көшесіндегі жанармай құю бекеттерінің бірінде болғанын айтты.

Аталған оқиға бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінде ресми мәлімдеме жасады.

«Аталған фактіні Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Жанжалға қатысушылар анықталып, жауапқа тартылатын болады»,- деп жауап берді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT