Алматыда жанар-жағармай бекеті өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қызметі тоқтап тұрған жанар-жағармай бекетінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін 25 қарашада түскі сағат 12:22-де «101» кезекші пультіне Райымбек даңғылы, 222 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жеткен.
«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде кереуеттен тұтанған от қабырға арқылы жұмыс істемейтін жанармай құю бекетін шарпығаны анықтады. Өрт 18 минуттың ішінде сөндірілді. От шыққан жерден газ баллоны сыртқа шығарылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді және жарылыс болу қаупі жойылды»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін, келесі ережелерді еске салады:
- Алкогольді ішімдік ішкен жағдайда темекі шекпеңіз;
- Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың қасында темекі шекпеңіз;
- Темекі қалдығы мен шырпыны кез келген жерге лақтырмаңыз.
Кішкене ғана темекі тұқылы үлкен қайғыға әкеп соқтыратынын ұмытпаңыз.
- Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
- Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады
- Алматы метросына жаңа басшы келді
- Алматыда ішкі нарықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
-
Қазақстандықтар 2020 жылы қанша алтын құйма сатып алды
-
Nur Otan партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам