Алматыда жаңадан безендірілген жерасты өткелінің қабырғасын бүлдіріп кеткен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңадан жөнделген жерасты өтпе жолының қабырғаларындағы барлық суреттерді шимайлап кеткен жігітті бейнебақылау камерасыы түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Райымбек даңғылы бойынша орналасқан жерасты өтпе жолында орналасқан камералар 18 тамыз күні сағат таңғы 04:15-те белгісіз себептермен өтпе жолдың қабырғасындағы өрнектерді шимайлаған жігітті түсіріп алды.

«Бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын ғана бір топ суретші өтпе жолды безендіру жұмыстарын аяқтаған. Олар бірнеше күн бойы талмай жұмыс жасады, қабырғаның бояу кеуіп те үлгерген жоқ. Ал суретшілердің еңбегін мәдениеті, жауапкершілігі төмен бір бұзақы келіп бүлдіріп кетеді. Біз үшін оны табу еш қиындық тудырмайды, себебі ол камераға түсіп қалған, бет-бейнесі анық көрінеді. Наурызбай аудандық ІІБ қызметкерлері азаматты ұсақ бұзақылық үшін әкімішілік жауапкершілікке тартады», - деді қалалық ІДД полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, жөндеуден өткен өтпе жолдардың барлығына бейнебақылау камералары қойылған. Бұл құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды ашуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. 

Соңғы жаңалықтар