Алматыда жаңадан бес мектеп салынады
2022 жылғы 20 маусым 16:43

Алматыда жаңадан бес мектеп салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халық санының өсуі мен оқушы орнының тапшылығына байланысты жаңадан 5 мектеп салынбақ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәслихат сессиясының отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру саласына қосымша 14,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында 7 500 орындық 5 мектеп салуға, сондай-ақ 19 білім беру объектісіне (15 мектеп, 4 балабақша) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталады», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерге ғылыми дәрежелері, тәлімгерлік пен кешкі уақытта және мектепке дейінгі оқыту жұмыстары үшін қосымша ақы төленіп, педагогтерге қолдау көрсетілетінін айтты. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жылу жүйесі бойынша берешегін өтеу үшін, яғни коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге 2 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Айта кетсек, Ерболат Досаев Алматының көшкін жүру қаупі бар аумақтарында құрылыс жүргізуге тыйым салынатынын мәлім еткен болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT