USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алматыда жаңа жылдық кештер өткізуге рұқсат етілді

2021 жылғы 26 қараша 16:11
Бөлісіңіз:
Алматыда жаңа жылдық кештер өткізуге рұқсат етілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазір қолданыстағы карантиндік талаптарға сәйкес Алматыда Ashyq жүйесіне тіркелген орындарда жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынбайды, алайда шектеулер бар. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа реанимобильдер берілді Алматыда қар тазалау жұмыстары басталды Алматыда интернет-дүкенді тонаған үш жігіт ұсталды

Оның айтуынша, келушілер мен мекеме қызметкерлерінің Ashyq жүйесінде «жасыл» статусы болуы шарт. Сондай-ақ шектеулер Алматының жаңа жылдық мереке қарсаңында коронавирустың таралуы бойынша «жасыл», «сары», «қызыл» аймақта болуына қарай белгіленеді:

«жасыл» аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 100 орыннан көп емес;

«сары» аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 70 орыннан көп емес;

«қызыл» аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 50 орыннан көп емес.

«Алматы қаласының «жасыл» аймақта тұрақты болуы ең алдымен мегаполис тұрғындарына байланысты – коронавирусқа қарсы белсенді түрде вакцина салдыру, маска тағу режимі мен арақашықтықты сақтау», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Оның сөзінше, Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай нашарласа, Ashyq жүйесіндегі нысандардың жұмыс режиміне қатысты карантиндік талаптар, соның ішінде жаңа жылдық отырыстар мен басқа да іс-шараларды өткізуге қатысты шаралар күшейтіледі.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұрса да жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салған болатын.

Айта кетейік, Алматыда 22 қарашадан бастап карантин талаптары жеңілдетілді.

Қала 14 қарашада «жасыл» аймаққа өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT