Алматыда Жаңа жыл түнінде қанша нәресте дүниеге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні қалалық перзентханаларда 98 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың 53-і қыз бала, 45-і ұл бала.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, өткен жылы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда 40 502 нәресте дүниеге келген. Олардың 20 772-сі ер бала болса, 19 730-і қыз бала. Оның ішінде 471 егіз, 3 үшем дүние есігін ашты.

Алматыда 4 перзентхана, 1 босану бөлімі, 2 перинаталды орталық жүкті әйелдерді қабылдайды.

Еске сала кетсек, Астанада Жаңа жыл түнінде 20-дан астам сәби дүниеге келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар