Алматыда Жаңа жыл түнінде автобөлшек ұрлаған 60 адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жаңа жыл түнінде автобөлшектер ұрлығының алдын алу мақсатында базарларда рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірнеше сауда үйінде тексеру жүргіздік. Тексеру барысында қолданыста болған 33 аккумулятор, 1 видеотіркеуіш, 6 айна, жеңіл көліктің 20 фары, 6 артқы шам және тағы басқа бөлшектер тәркіленді. Сонымен қатар, 118 әкімшілік құқықбұзушылық болғаны анықталды. Территориалдық бөлімшелерге 60 адам, оның ішінде 3 шетел азаматы жеткізілді», - деді қалалық Полиция департаментінің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Есен Ысқақов.

Полиция департаменті осындай тексеру шараларын саудагерлер қолданыста болған автобөлшектерді құжатсыз қабылдаудан бас тартқанға дейін жалғастыра бермек.

Ұрланған бөлшектерді сатып алғаны үшін кәсіпкерлер Қазақстанда ҚР ҚК 196-бабы бойынша жазаланады.

Соңғы жаңалықтар