Алматыда жаңа жыл түні екі үйдің балконы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі үйдің балконында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметі бойынша, бүгін 00:13-те "101" нөміріне Алмалы ауданы Брусиловский көшесі 56-үйдің 43 және 55 пәтерлерінің балкондары жанып жатқандығы жайлы ақпарат келіп түсті.

«Өрт сөндіру машинасы оқиға орнына 6 минуттан соң барды, 00:19-да. 00:55-те өрт толық сөндірілді» делінген ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова жолдаған мәліметте.

Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Жапа шеккендер болған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар