Алматыда Жаңа жыл алдындағы балалар еңбектерінің жәрмеңкесі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңындағы жәрмеңкеде бес Алматы арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қолдан жасалған ерекше бұйымдарды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null null
Алматылықтар мен қала қонақтары бірнеше сағат ішінде жүздеген қолөнер және зергерлік бұйымдарды, ойыншықтарды сатып алды. №1 есту қабілеті бұзылған балаларға, №4 Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға, №9 сөйлеуі қабілеті төмен балаларға, №6 және №7   ақыл-ойының  даму қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері 200-ден астам қолөнер бұйымдарын дайындады.

Жиналған қаражат осы мекемелердегі балаларға арналған шығармашылық үйірмелердің қажетіне жұмсалатын болады.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар