Алматыда жаңа жолайрықтар пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңа көлік жолайрықтарының құрылысын тексеріп,  Абай мен Назарбаев даңғылдарын одан әрі үңгілеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін созу «Солтүстік - Оңтүстік» бағытында Сейфуллин даңғылы бойынша көлік жүктемесін едәуір азайтады.

«Қала инфрақұрылымын дамытуда кешенді әдістің маңызы зор. Егер орталық көшелер жүргіншілер қалауына сай қайта жаңарса, ал қала айналасында көлік қозғалысының легі үшін қажетті жағдайды жасаған жөн», - деді  Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде мұнда эстакада қабырғаларын монтаждау және нысанның тіректерін жасау жұмыстары жүруде. Осы учаскеде көлік қозғалысын  белгіленген мерзімнен екі ай бұрын, яғни қазан айында  ашу жоспарланған. Ал Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі бойына жолайрық салу көлік қозғалысы легін 20%-ға арттырады.  Құрылыс 2019 жылдың төртінші  тоқсанында аяқталмақ.
null

Рысқұлов даңғылы мен Құлжа трактісінің қиылысында да жаңа жолайрығы  салынуда, бұл солтүстік-шығыс бағыттағы кіші көлік айналымының көлік өткізу қабілетін арттырады. Қазіргі кезде мұнда эстакада тіреуінің астына өндіріс қондырғылары орнатылып, инженерлік желілер қайта ауыстырылуда. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі бойында да жаңа жолайрық бой көтеруде.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл мегаполисте бірқатар негізгі даңғылдар жаңарады. Қаланың барлық аудандарында150-ден астам көше, 600 аула қайта жөндеуден өтеді. 

«Наурызбай ауданын орталықпен қосу үшін Шаляпин және Жандосов көшелеріне басымдық беріледі, Абай даңғылын Әшімов көшесінен қала шекарасына дейін үңгілеу жұмыстары жалғасады», - деп мәлімдеді қала әкімдігі баспасөз қызметінен.

Арайлым Жолдасбаева

Соңғы жаңалықтар