Алматыда жаңа жолайрық салынады – әкімдік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тағы бір жолайрық салынады. Бұл туралы қалалық мобильдік басқарма басшысының орынбасары Ернұр Абжахан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполистегі жаңа жолайрық Мөңке би мен Саин көшелерінің қиылысында салынады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат дайын. Жол құрылысы биыл басталады.

«Мөңке би мен Саин көшесінің қиылысында жолайрық пайда болады. Бұл Үлкен Алматы айналма автожолына шығатын жолдар. Сондықтан оған шығатын екі үлкен магистральда көлік жүктемесі болмас үшін жолайрық салу жоспарланды», - деді қалалық мобильдік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.

Сондай-ақ, екі жолақты жергілікті өтпе жолдар құрылысы жоспарланған. Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады.


Соңғы жаңалықтар