USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

2021 жылғы 15 қазан 15:16
Бөлісіңіз:
Алматыда жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, көзін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кейбір адамдар медицинаға жүгінбей емші, тәуіп аралап кетеді – онколог 200 мыңға жуық қазақстандық онкологиялық сырқаттар бойынша есепте тұр Атырауда Елбасының бастамасымен салынған оңалту орталығында 750 бала көмек алды

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жүктіліктің 29-аптасында с алмағы 900 грамм болатын с әби дүниеге келді.

Дәрігерлер оған көздің ауыр сырқаты – шала туған нәрестелердің ретинопатиясы диагнозын қойды.

«Шала туған ретинопатия - бұл көздің ауыр ауруы, негізінен шала туған нәрестелерде болады. Сырқат тез дамиды. Егер бірнеше күн ішінде микрохирургиялық операция жасалмаса, бала соқыр болып қалуы мүмкін. Ретиналды транспупиллярлы лазерлік коагуляция жасадық. Операция сәтті өтті. Қазір бала жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті», - дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова.

Оның айтуынша, тек қыркүйек айында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында осындай жоғары технологиялық 8 ота жасалды, жылына 70-ке жуық операция болады.

Бұл операциялар МӘМС шеңберінде тегін жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT