Алматыда жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына туабітті ақаумен дүниеге келген нәресте жеткізілді. Шақалаққа сегізкөз-құймышақ тератомасы деген диагноз қойылған.

Дәрігерледің айтуынша, жаңа туған нәрестелерде мұндай ісіктер өте сирек кездеседі, қуантарлығы ол қатерлі ісікке жатпайды. Ота сәтті жасалса, тез сауығып кетеді.

«Нәрестенің ісігі 20 см. дейін ұлғайған, яғни ісік көлемі, баланың салмағынан асып түсті. Сондықтан шұғыл ота жасау керек болды. Өйткені ол басқа ағза мүшелерінің жұмысына кері әсер ете бастайды. Әсіресе, тоқ ішекті қысады. Нәтижесінде жамбас мүшелерінің функциялары бұзылады. Сонымен қатар, ісіктің жарылып кету қауіпі болды », - дейді іріңді және торакалды хирургия бөлімінің меңгерушісі Мырзахмет Саматбек.

Дәрігердің айтуынша, мұндай диагнозбен ота жасау уақыты ісік көлемімен есептеледі. Егер ісік ешқандай асқынуларға алып келмесе, онда операцияны туғаннан бастап алты ай ішінде жасау қажет. Одан кейінге шегурге болмайды.

Ота шамамен екі сағатқа созылды және сәтті өтті. Бүгін сәби ауруханадан шығарылды.


Соңғы жаңалықтар