Алматыда жаңа туған баласын сатпақ болған 22 жастағы келіншек ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа туған нәрестесін сатпақ болған 22 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысының 22 жастағы тумасын полицейлер оның жүктілігінің соңғы кездерінде бақылауына алған. Жас келіншек болашақ баласына ата-ана іздеумен белсенді айналысқан. Басында, оны сатпақ та болған.

«Жедел жолдармен жеткен ақпаратты тексеріп, оның растығына көз жеткіздік. Нақтырақ айтқанда, екі баланың анасы үшінші құрсақтағы сәбиін 2000 АҚШ долларына сатпақ болған. Ақшаның бір бөлігін ол жүктілігінің соңғы кезеңінде алған. Қалған бөлігін баласын болашақ ата-анасына тапсыру кезінде алмақ болған. Ол салмағы 4 келі болған ер баланы аман-есен дүниеге әкелді. Қылмыстық жолмен жасалған келісім Алматы қаласы Сейфуллин көшесінің біріндегі үйде жасалды. Күдікті ақшаны алу кезінде қолға түсті», Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Айта кетейік, күдікті келіншектің күйеуі екі баласы бар. Тұрақты жұмысы жоқ, жезөкшелікпен айналысқан.

«Аталған факт ҚР ҚК 135 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істі ІІД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Сәби Балалар үйіне берілді»,  делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар