Алматыда жаңа судьялар тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіханов сот ұжымына жаңа судьяларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 31 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы соттарындағы судьяларды, сот коллегияларының төрағаларын қызметінен босату және тағайындау туралы» ҚР Президентінің №231 жарлығына сәйкес, Алматы қалалық сотының судьясы қызметіне Советхан Сәкенов тағайындалды. Ол бұған дейінгі Алматы облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы қызметінен босатылды», - деп мәлім етті Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Бостандық аудандық сотының судьясы лауазымына Жәмила Арыстанова тағайындалды. Ол осы күнге дейін Алматы облысы Іле ауданының судьясы болып қызмет атқарған.

Бостандық аудандық сотына тағы бір судья Ульяна Жалмұхамбетова тағайындалды. Ульяна Жалмұхамбетова Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотындағы судья қызметінен босатылды.

Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы Гүлім Мұқанова Алматы қаласы Жетісу аудандық сотына судья болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар