Алматыда жаңа су тазалау стансасы пайдалануға берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа су тазалау стансасы ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала басшысы Ахметжан Есімов, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері қатысты.

"Бүгін міне қаламыздың су жүйесінде ерекше оқиға болып жатыр. Су тазалау стансасы іске косылды. Бұрынғы станса 1949 жылы тапсырылған болатын. 65 жылда жаңартатын уақыт та келді. 2 жыл бұрын шешім кабылданған еді. 1 млрд-қа жуык қаржы уақытында игеріліп, заман талабына сай станса іске косылды. Бұл оңтүстік астананы толық сумен камтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді қала басшысы Ахметжан Есімов.

Жаңа нысан 1949 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан стансаның 1 кезегін алмастырады. Ұзақ уақыттан бері техникалық жаңартусыз жұмыс жасап келе жатқан стансаның құрылғылары әбден тозған.

Стансаның өндірістік қуаты өте жоғары. Тәулігіне 125 мың текше метр суды тазалай алады. Пайдалы фильтрацияның көлемі 600 текше метр. Толығымен автоматтандырылған.

Пайдалануға тапсырылған нысан халыққа берілетін ауыз судың сапасын бірнеше есе жақсартуға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, қала басшысы "Алматы су" МКК жұмысшыларына Оңтүстік Кореяда шығарылған 15 жаңа көліктің кілтін табыстады.

Заманауи құралдармен жабдықталған жаңа автокөліктер апатты жағдайда сумен қамту қызметкерлеріне жылдам әрекет етуге мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар