Алматыда жаңа сквер салынбақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа демалыс нысаны Esentai Mall сауда үйі мен Esentai Tower ғимаратының арасында салынады. Кешен иелерінің айтуынша, жаңа нысан қала тұрғындарының демалыс орнына айналмақ.

«Esentai Mall трансформацияның жаңа кезеңіне көшті. Бұл сквер автомобильдер мен көше шуынан алыс болады. Қала тұрғындары мен қонақтарының көңілді уақыт өткізетін, әрі қала сәулетін арттыра түсетін нысан болмақ», - деді сауда үйінің басқарушы директоры Агнешка Новак.

Жаңа нысанның құрылысы 2015 жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады.

Құрылыстың басталуына орай 21 қаңтардан бастап Фурманов көшесіне шығатын жол жабық болады.

Келушілер Фурманов көшесіне Ремизовка көшесінің қиылысынан, болмаса Жароков көшесінің қиылысынан бұрылып шыға алады.

Соңғы жаңалықтар