Алматыда жаңа параолимпиялық спорт түрі голболдан турнир өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Тұңғыш президенті спорттық-жаттығу кешенінде жаңа параолимпиялық спорт түрі голболдан турнир өтті.

Спорттық сайысты «Мейірімді ел» мүгедектер қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы ұйымдастырды. Турнирде Алматы мен облыстан 4 команда қатысты.

Ұйымдастырушылардың бастамасын Германия елшілігі, Ұлттық параолимпиялық комитет, спорт кешенінің дирекциясы қолдады.

Мұндай ойын әлемде зағип жандардың арасында өте танымал.

«Бұл спорт түрі 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда пайда болған. Ол кезде майданнан қайтқан мүгедектер көп болған. 70 жылдары бұл параолимпиялық спорт түрі қатарына кіргізілді. Дуйсбургтағы зағип жандар ұйымы қазақстандық спортшыларға 30-ға тарта арнайы доп сыйлады. Біз Қазақстан голболшыларының да халықаралық додаларға қатысуын қалаймыз», - деді ГФР Алматыдағы бас консулы Ренате Шимкорайт.

Ойынның басты шарты допты қарсылас команданың шекарасынан асырып жіберу. Голбол добының ішіне зағип жандарға арнап қоңырау орнатылған.

1 2
3
4
5
6

Соңғы жаңалықтар