Алматыда жаңа қоғамдық көлік бағыты пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№105 жаңа бағыт Алатау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығынан ТЭЦ-2 –ге дейін кестеге сәкес жүре бастады. Қоғамдық көлік таңғы 7:00-ден 10:00-ге дейін және 16:00-ден бастап 20:00-ға дейін, шамамен 28 минут аралығымен жүреді.

«АлматыЭлектроТранс» компаниясының хабарлауынша, қалаға «Zhongtong» маркалы жаңа автобустар жеткізіле бастады. Жақын күндері олар сынақ кезеңінен өту үшін 12 бағыт бойынша шығады.

Бұған дейін, компания басшылығы Алматыға жеткізілетін 200 автобустың неліктен кешігіп жатқанын түсіндірген болатын.
Соңғы жаңалықтар