АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бас санитардың мұның алдындағы 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Оған сәйкес:
- спорт-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге тек «жасыл» мәртебeci бар және коронавирустьқ инфекцияға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға ғана рұқсат беріледі;
- «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарияльқ дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №1 қаулысының 4 және 5 қосымшаларына сайкес өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асады;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы жэне ревакцинациялануына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналының және барлық меншіктің нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың кеңсе қызметкерлерінің кемінде 70% қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылады.
Сондай-ақ, 24 қаңтардан бастап оқыту форматында өзгерістер болады.
Яғни:
- мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта;
жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда — штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары — мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жуктемемен штаттық форматта;
- мектептен тыс ұйымдарда, қосымша білім ұйымдарында, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында штаттык форматта;
- жоғары оқу орындарында жане колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта — практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, практика кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн өткізіледі.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысының толық мәтінімен осы сілтемеде таныса аласыздар.