+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Алматыда жаңа форматтағы кітапханалар ашылады

2020 жылғы 15 қаңтар 22:32
Бөлісіңіз:
Алматыда жаңа форматтағы кітапханалар ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың кітапхана желісін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Алматыға өмірлік қажетті заттарды жеткізу үшін «жасыл дәліз» құрылады Бақытжан Сағынтаев Алматыда карантин енгізудегі себептерді атады Сағынтаев Алматының экономикалық ахуалын бизнес өкілдерімен талқылады

«Кітапханалар кітаптар сақталатын орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық кеңістікке айналуда. Оған мысал Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы, модернизациялаудан өткен соң, ол ежелгі кітаптар мен электронды кітаптарды оқитын заманауи орталыққа айналды. Мұнда күн сайын 500-ден 1500 дейін оқырман келеді. Олар негізінен 14-29 жас аралығындағы жастар», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-парақшасында.

Таяу уақытта қалада модернизациялаудан өткен бес кітапхана ашылады деп күтілуде. Олар: №15 (Земнухова көшесі, 44), №20 (Шәріпов көшесі, 66), №24 (Айнабұлақ-3 ықшамауданы, 174 үй), №32 (Достық даңғылы, 42Б), №33 (Төле би көшесі, 160).

«Интернетке еркін қолжеткізу, мол кітап қоры сапалы білім алуға және жайлы жағдайларда диплом немесе диссертация жазуға мүмкіндік береді. Заманауи кітап орталықтары тақырыптық кездесулер мен шеберлік сыныптарын өткізетін орындарға айналады», - деп жазды әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Мәдениет, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT