Алматыда жаңа балабақша ашылды

None
None
ҚазАқпарат - Алматыда Тәуелсіздік күніне орай бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бауыржан Байбек бүгін Алатау ауданындағы №186 балабақшада болды.

 «Саялы» ықшам ауданында ашылған қазақ №186 балабақшада  320 бала тәрбиеленеді. Мектеп жасына дейінгі мекемеде 16 топ бар. Оның әрқайсысында баланың жасына қарай оқытудың өзіндік әдістері - Монтессори, Дьенеш блоктары, құм терапиясы және басқалары қолданылады. Балдырғандарды қабылдау 19 желтоқсаннан басталады. Өтініштер «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы арқылы жүргізіледі.

Айта кетерлігі, 10 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 430 млрд теңге жұмсалды. 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 2,7 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 12 мектеп, медициналық мекемелер, 98 мемлекеттік және жеке балабақша ашылды.

Ал Алматыға жаңадан қосылған Наурызбай ауданында соңғы үш жыл ішінде  5 медициналық мекеме, 2 мемлекеттік мектеп, екі мемлекеттік және 65 жеке балабақша салынды. Ауданның әкімшілік-іскерлік орталығы бой көтерді. Мұнда аудандық әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқалары орналасқан.

Соңғы жаңалықтар