Алматыда жаңа автобус маршруты іске қосылады

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 12 маусымнан бастап жаңа қоғамдық көлік жүре бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы хабарлағандай, қала әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі кезінде түскен өтініш бойынша 12 маусымнан бастап «Жас қанат» шағынауданын Райымбек даңғылымен байланыстыратын жаңа №9 бағыт іске қосылады.

«Жаңа қоғамдық көлік «Райымбек батыр» метро бекеті аялдамасынан Назарбаев даңғылы бойымен, ары қарай Райымбек даңғылы - Сүйінбай көшесімен, одан кейін Хмельницкий көшесінен «Жас қанат» шағынауданына дейін барады. Осыдан соң кері бағытпен жүреді. Желіде 8 автобус 8 минуттық жиілікпен жүретін болады», - делінеді басқарманың хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар