Алматыда жаңа Арбаттың болашақ келбеті таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Арбатты қайта жаңғырту бойынша жаңа жобаны таныстырған мамандар, әйгілі алаңның болашақ келбетін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Жобаның ландшафтты дизайнері Роман Шнайдерман алаңды қайта жаңғырту тұжырымдамасын әзірлеу барысында даниялық архитектор Ян Гейлдің ұсыныстары ескерілгенін айтты.

Р.Шнайдерманның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - қаланы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге ыңғайлы етіп қалыптастыру. 

null 

«Қазіргі уақытта қалада автотранспорт үшін жағдай жасалып жатыр, жолдар кең салынады, ал жаяу жүргіншілер жағы көп ескеріле бермейді. Қаламызда тротуарлар санқилы болып салынған, велосипедші мен баланың қоларбасымен жүруге көп кедергілер бар. Осыған байланысты, әлеуметтік қала тұжырымдамасы бойынша, қалада көліктер аз болып, жаяу жүргіншілерге жағдай жасалғанын қалаймыз. Бүгінде барлық еуропалық қалалар осы бағытқа негізделген», -деді Роман Шнайдерман.
 

«Бұл жерде жол бойында бизнес көп те тамақтану нысандары аз. Сонымен қатар, өнер адамдары үшін көп орын жоқ. Олардың шығармашылықтарын көрсететін амфитеатр да қарастырылмаған. Балалар алаңқайлары да жоқ, жарық беру жағы әлсіз. Мұның барлығы шешіледі. Сонымен қатар, біз бұл жерге керуен мүсінін жасатып, демалыс орнын ұйымдастырамыз», - деді ол.

null 

Арбатта қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін абаттандыру алаңдарының аумағы кеңейеді. Ағаштар көбірек отырғызылмақ. Сонымен қатар, жоба бойынша Панфилов көшесі де жаяу жүргіншілерге арналмақ. Ол Жібек жолымен қосылады, осылайша жая жүргіншілер жүйесі жасалады.

null 

Сәулетші жаңғырту жұмыстары осы жазда басталатынын айтты.

«Біз жаңғырту жұмыстарын осы жазда бастамақпыз. Мүмкін, жаз маусымында жұмыстарды бітіреміз», - деді Шнайдерман.

Еске сала кетейік, осыдан үш күн бұрын Арбатта меншік иелерінің жерді жалға алу мерзімінің аяқталуына байланысты  «Компот» асханасы сүрілді. 

null 

Соңғы жаңалықтар